Құрылтай сайлауы: жеті партияның алғашқы дебаты тікелей эфирде өтеді
12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді. Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері кездеседі,— деп хабарлайды saraptime.kz
• «Әділет» партиясы - Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;
ЖСДП - Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;
• «Байтақ» партиясы - Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;
• Қазақстан Халық партиясы - Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;
• «Ауыл» партиясы - Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;
• «Ақ жол» партиясы - Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;
• Respublica партиясы - Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.
Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.
Көрермен назарына:
• сайлауалды бағдарламаларға толық талдау;
• тікелей эфирде келіп түскен ең өткір сұрақтарға жауаптар;
• дебатқа қатысушылардың пікірі бойынша сайлауалды бағдарламалардың әлсіз тұстары;
• партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.
Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.
Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.