Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Аймақ

[:kk]Түркістан облысында жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтарға 1,3 млн теңге сыйақы берілген[:]

[:kk]Түркістан облысында жарты жылда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 257 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша өткізген брифинг барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат агенттігі.

Мирас Қарғабайдың айтуынша, Тергеу басқарманың өндірісінде болған істердің 148-і аяқталған және 62 іс сотқа жолданған. Әрбір аяқталған істер бойынша ҚР ҚПК-нің 200 бабына сәйкес заңбұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстар енгізілген. Осы бағытта 59 ұсыныс жолданып, оның 40-ы қаралған.

25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен 7 тұлғаға 1,3 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілген.

Агенттіктің 1424 Call орталығына Түркістан өңірінен хабарласқан 73 азаматтың берген ақпараты арқылы жедел әрекет ету амалдары жүргізіліп, нәтижесінде 5 тұлғаның заңсыз әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалған», – деді департаменті басшысының бірінші орынбасары.[:]

[:ru]Еще новости[:kk]Басқа жаңалықтар[:]

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button