Өзбекстаннан келген гуманитарлық көмекке бақылау жұмыстары жүргізілді
Бүгін Түркістан облысына көрші Өзбекстан елінен 117 750 дана медициналық қолғап мен 117 600 дана бетперде тиелген гуманитарлық көмек келді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Медициналық қорғаныс құралдарының толық жөнелтілуін қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің өкілдері мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері «Ақ Ниет» ЖШС-нің өңірлік қоймасына арнайы барып, аталған көмектің облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына толық тасымалдану барысына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Айта кетсек, көрші елден жіберілген гуманитарлық көмек 20 шілде күні облысқа қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеткізіліп, қажеттілігіне сәйкес ауруханалар мен емханаларға үлестіріледі.
Ал, қала/аудандарда құрлған Арнайы мониторингтік топ мүшелері жеткізілген гуманитарлық көмектің тиесілі ауруханаларға жеткізілу барысын қадағалайтын болады.