Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Аймақ

[:kk]Түркістан: кәсіпкер көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі тұрғын үй тарту етті[:]

[:kk]Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекенінің тұрғыны Гүлмира Сейілбекованың  бұған дейін өзінің жеке үйі болмаған. Көп балалы ана жылдар бойы 5 баласымен пәтер жалдап келген. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының 30 жылдығына орай, «Зекет» корпоративтік қоры арқылы  «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша мұқтаж отбасыға 4 бөлмелі үйдің кілті табыс етілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Игі шараға «Асқар-Тау» шаруа қожалығының төрағасы, жеке кәсіпкер Асқар Оразханұлы демеушілік жасап отыр. Ел көлемінде бұл 244-і баспана сертификаты. Сейілбекова Гүлмира қайырымды жандарға алғысын білдіріп, тұрғын үйдің мектеп пен балабақшаға және спорттық алаңшаға жақын орналасқанына ерекше қуанышын жеткізді.

Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді мен ауыл округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, төбе биі және бірқатар ауыл қариялары көпбалалы ана шаңырағының қуанышына ортақтасып, шараға арнайы қатысты. Бәйдібек ауданында биыл осымен үшінші отбасыға демеушілер есебінен үй беріліп отыр.[:]

[:ru]Еще новости[:kk]Басқа жаңалықтар[:]

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button