Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Аймақ

[:kk]Түркістан облысында орын алған жанжалға кім кінәлі?[:]

[:kk]Түркістан облысында әйел өзінің танысымен жанжалдасып, оның күйеуінің көлігіне зақым келтірді, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Созақ аудандық ішкі істер бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын сағат 13.00-де үйіне таныстарының келіп, жанжал кезінде келген әйелдердің бірі күйеуінің автокөлігін зақымдағанын айтып арызданған.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 202-бабы («бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

«Созақ ауданының полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Күдіктінің жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында әйелдің жәбірленушімен қарым-қатынасы нашар болғандықтан, көліктің әйнегін сындырып тастағаны анықталды», – делінген ақпаратта.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Келтірілген залалдың сомасын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Әйел кепілге шығарылды.[:]

[:ru]Еще новости[:kk]Басқа жаңалықтар[:]

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button