Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Аймақ

[:kk]Әкім болуға үміттілерді таныстырды[:]

[:kk]

Бүгін жергілікті қауымдастықпен кездесуде Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков Қарасу ауылдық округі әкімінің лауазымына лайықты үміткер деп таныған үш азаматты таныстырды.

– “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы” Заңында қойылған талаптарға сәйкес, бүгінде Қарасу ауылдық округі әкімінің міндетін атқарып жүрген – Дамир Сыдыковты, Сайрам ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің бас инспекторы – Мейрбек Акжаровты және аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы – Аян Отегенді ұсынамын. Үшеуі де өз саласында жақсы қызмет етіп жүрген, білімді, тәжірибелі азаматтар. Жас буынға да мүмкіндік беріп отырмыз. Ендігі таңдауды аудан мәслихатының депутаттары дауысқа салатын болады, – деді Ұ.Сәдібеков.

Айта кетейік, Қарасу ауылдық округі әкімін сайлауды өткізу – 2020 жылғы 8 қазанға бекітілген.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

[:]

[:ru]Еще новости[:kk]Басқа жаңалықтар[:]

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button