Аймақ
Көлкентке жаңа әкім сайланады
Көлкент Ауылдық Округі әкімін сайлау 2020 жылғы қазанның 8 жұлдызына бекітілген. Осыған байланысты жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу өтіп, жиында аудан әкімі Уласбек Садибеков келесі кандидаттарды ұсынды.
Өткір Юлдашев – 1977 жылы туған. Бүгінде Көлкент ауылдық округі әкім аппаратының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бойынша бас маман болып қызмет ететін Ө.Юлдашев ауыл әкімінің міндетін атқаруда.
Абу Жүнісқұлов – 1990 жылы туған. Жоғары білімді. Қазіргі таңда Көлкент ауылдық округі әкім аппаратының бас маман-іс жүргізушісі.
Ахмаджан Парпиев – 1967 жылы туған. Үміткер – жоғары білімді.
Қарабұлақ Ауылдық округі әкім аппаратының әскери есеп столы бойынша бас маманы.
– Үміткерлердің барлығын меритократиялық жолмен ұсындым. Сырттан бөтен ешкімді алып келмей-ақ, осындағы еңбек етіп жүргендердің қызметін өсіруге мүмкіндік беріп отырмыз. Ал қалған үшеудің бірін 8 қазан күні аудандық мәслихат депутаттары дауысқа салып, таңдайтын болады, – деді аудан әкімі.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі