Аймақ

Ерікті жастар қарттарды құттықтады.

   «Қарты бар ел – қазыналы ел» демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту – ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Қарттарын қадірлеген қазақ халқы үшін де күнтізбедегі 1 қазан – Қарттар күні деп белгіленген.
   Осы орайда «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесе «Қарттарым – асыл қазынам» атты акция өткізілді. Акция аясында Ерікті жастар ауданымыздағы жалғызілікті қарттар, Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Сыйлықтар табыстап, қолғабыс көрсетіп, баталарын алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button