Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Аймақ

[:kk]Түркістанда Call-орталық қызметкері сәбиді өлімнен арашалап қалды[:]

[:kk]Түркістан облысының жедел жәрдем қызметі сәбиді өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметінің Call-орталығына Сарыағаш ауданынан шақырту түскен. Анықталғандай, 1 жасар сәби дәрінің үш данасын жұтып қойған. Дәрі өңешіне тұрып қалып, тұншыға бастаған.

Құтқару тобы шақыртуға шұғыл аттанып, 6 минутта жеткен. Бірақ олар келгенше Call-орталық диспетчері Құрбанай Латипова телефон арқылы баланың ата-анасына кеңес бере отырып, тыныс жолдарын ашуға жәрдем берген. Алғашқы медициналық көмек дер кезінде көрсетіліп, нәресте өлімнен аман қалды.

Қазір баланың тынысы еркін және жағдайы жақсы.

«Сәбиді құтқаруда ата-анасына кеңес беріп жатып, қобалжуға жол бермеуге тырыстым. Өйткені әрбір минут сол сәтте өте маңызды еді. Көмегім сәтті аяқталғанда көзімнен жас тамшылап кетті. Жедел-жәрдем қызметінің Call-орталығында диспетчер болып жұмыс істегеніме 1,5 жыл болды. Әр шақырту адам өмірін құтқаруда аса маңызды екенін түсінемін. Қызметіміз үлкен жауапкершілікті талап етеді», – дейді Құрбанай Латипова.

Жалпы, Түркістан облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметіне жыл басынан бері 500 мыңға жуық шақырту түскен. Оның ішінде балалардың бөгде затқа қақалу оқиғалары 169 рет тіркелді. Дәрігерлер осы орайда балаларға аса мұқият болу керектігін ескертеді.[:]

[:ru]Еще новости[:kk]Басқа жаңалықтар[:]

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button