Аймақ

Әдеп кодексінің орындалуы – қатаң қадағалауда

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау – міндет. Облыстың мемлекеттік қызметкерлеріне Әдеп кодексінің маңызды міндеттері түсіндірілді. Түркістан облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев 2021 жылғы жұмыс жоспарларымен таныстырып өтті. Бекітілген жоспарға сәйкес аудан-қалалардағы мемлекеттік органдарда профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі талаптарын орындалуы – қатаң қадағалауда. Осы мақсатта Түркістан облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі 2020 жылдың қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызметкерлер мен органдар үстінен шағым көбейген Шардара, Мақтаарал, Жетісай, Сайрам аудандарына барып, кездесулер өткізді. Аудандардағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің жұмысымен танысты.

«Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексін сақтауды қадағалау, мемлекеттік қызметкерлердің имиджін жетілдіру бойынша жұмыстар жасалуда. Қазіргі таңда төрт ауданға барып, ауыл округтердегі қызметкерлермен кездестік. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс барысы, әдеп нормаларын қадағалау – басты назарда. Әр ауданда өзінің бекітілген аудан әкімі аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдері бар. Олардың жұмыстарына талдау бар, алдағы уақытта әдеп бұзушылықтарды болдырмау көзделген», – деді Түркістан облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев.

Түркістан облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі мен жауапты маманның байланыс нөмірлері мен электрондық пошталары және қабылдау өткізетін күндері жөнінде хабарландырулар жергілікті атқарушы органдарға бағынатын барлық мемлекеттік органдарда ілінген. Облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі әр айдың екінші сәрсенбісінде Түркістан облысының әкімдігінде, әр айдың төртінші жұмасында Шымкент қаласындағы облыстық әкімдік ғиратында сағат 15:00-17:00-ге дейін азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдау өткізеді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button