Аймақ

Жетісай ауданында «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты фестиваль өтті

«Әр елдің, егер ол өз тарихын, өз мәдениетін, өз намысын бағалай білетін ел болса, сол елдің пір тұтатын бір мекені болады. Ол мекен – біздің рухани алып Түркістан», – деп Шерхан Мұртаза  айтқандай, бүгінде  Түркістан түлеп,  көне  шаhар  ажарланып келеді. Осы  орайда, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы  Мәдениет үйінде  «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» атты облыстық өнер фестивалі өтті.

Фестиваль Түркі дүниенің рухани-мәдени орталығына айналған, тарихпен тілдесіп, болашақпен үндескен киелі Түркістанға арналып отыр. Өнер фестивалін аудан әкімінің қос бірдей орынбасарлары Серік Пірімбеков пен Ербол Жанғазиев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сахнада талантты да, дарынды оқушылардың сүйемелдеуімен хор, жеке әндер, домбырашылар ансамблі, қобызшылар квартеті, күй және фортепианода жеке шығармалар, мың бұралған бишілердің өнерлері  көрермен көңілінен шыға білді. Концерттік бағдарламаға  баға беріп, төрелік еткен  қазылар алқасы  қазылар алқасының құрамында  Облыстық адами әлеуетті  дамыту басқамасының қосымша білім беру орталығының директоры Бақытжан Ешанқұлов, Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие жөніндегі бас маман Әлия  Биболова,  Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының қосымша білім беру орталығының бас маманы  Клара Ныгиметова, Облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Нұғман Архабаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Мемлекеттік университетінің музыка кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Ағабекова  бар.

Фестиваль  соңында қазылар алқасы өнер көрсеткен оқушылар мен олардың жетекшілеріне шығармашылық табыс тіледі.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button