Аймақ

Жетісай жастары – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейді

Жарқын болашаққа жол бастайтын ел жастарының қаруы – ұлттық тәрбие, мен парасатты сана және білім мен жоғары біліктілік.

Осыған орай,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб төрағасы Е.Тұңғышбаев Жетісай ауданының жастарымен кездесу өткізді.

Жас буынды адал іске үндейтін шараның негізгі мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың  жарқын үлгісін қалыптастыру,  қоғам індетінің деңгейін төмендету және жас ұрпақты жанашырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Жастармен кездесу барысында Ерұлан Икрамұлы пара алушымен қатар, пара беруші де қылмыс жасаушы болып саналатынын және жемқорлыққа қарсы жалпы қабылданған тәртіп үлгісінің алғышарттарын  жіті түсіндіріп,  қоғам дертімен бірлесіп күресуге шақырды.

Шара соңында белсенді жастар көкейінде жүрген бірқатар сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button