Аймақ

Аудандық дәрігерлерге туралық пен адалдық қасиеттері дәріптелді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық үгіт-насихаттық Штаб төрағасының ағартушылық бағыттағы кезекті кездесуі Жетісай ауданына қарасты орталық аурухананың қызметкерлері арасында өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру ұмыстары  арқылы тұрмыстық   жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Ар тазалығы мен адамдықтың биік шыңы сөз болған жиында Ерұлан Тұңғышбаев ата-бабадан аманат болып қалған адалдық қағидатын қадір тұту қажеттігін және қоғамның әділ әрі белсенді азаматы болуға үндеп, пайдакүнемдіктен туындайтын парақорлықтың қазақ қоғамына тигізер залалын жіліктеп жеткізді.

Үгіт-насихат жұмыстарының соңында Мемлекет басшысының шешімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңына енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарды баяндап,  пара алу және пара беру қылмыстары үшін жаза қатаңдатылғанын тілге тиек етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button