Аймақ

Келес ауданында электр желілері жаңарады

Биыл Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің 5 елді мекеніндегі электр желілері жаңартылатын болады. Бұл жұмыстарға 70-ке жуық азамат жұмыспен қамтылады. Олардың зейнет жарнасын төлеу мердігер мекемелерге міндеттеліп, әкімдік бақылауында болады.

Түркістан облысы, Келес ауданында былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 100-ге жуық азамат жұмысқа орналасты. Бағдарлама төрт бағытты қамтиды. Жұмысқа орналасқан азаматтар көбіне құрылыс саласында еңбек етеді.  Әлеуметтік-мәдени нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инженерлік-көлік инфрақұрылымындағы жөндеу жұмыстарына, ауылдардағы абаттандыруда атсалысады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруда кемінде 90% отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып есептеледі. Жұмысшылардың жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алынып, басымдық жұмыссыз жүрген жастарға берілген.

Бағдарлама шеңберінде Келес ауданында өткен жылы  3 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. 75 азамат жұмыспен қамтылды. Біртілек ауылдық округіндегі орта мектеп, Ақтөбе ауылдық округінің орталық ауруханасы және Ұшқын ауылдық округіндегі футбол алаңы реконструкциялаудан өтіп, жаңарды. Күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті ауыл тұрғындары тартылып, жұмыспен қамтылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button