Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Аймақ

[:kk]Төлеби ауданында жаңа демалыс кешендері салынады[:]

[:kk]Төлеби ауданында туризм саласын дамыту бағытында облыс әкімінің бастамасымен «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл мақсатта инфрақұрылым жүргізу үшін биыл облыстық бюджеттен 2 млрд 920 млн теңге қаржы қаралған. Жоба толық іске қосылса, шаңғы жолдарының ұзындығы 30 шақырымды құрап, бір мезгілде 11 мың адамның демалуына мүмкіндік тумақ.

Сондай-ақ, аудандағы Қоғалы ауылдық округінде жеке инвестиция есебінен саумал-сауықтыру кешенінің ашылуы жоспарлануда. Оның жалпы құны – 200 млн теңге. Кешеннің сыйымдылығы 100 орынды құрайды. Онда 15 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Бұдан өзге, өңірде «Қаратау» ЖШС-і есебінен инвестициялық құны 200 млн теңгені құрайтын демалыс кешені ашылады деп күтілуде. Ғимарат сыйымдылығы 50 орынды құрап, алдағы уақытта 7 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Сонымен қатар, Қасқасу ауылдық округінде «Top resort» ЖШС-і есебінен инвестициялық құны 187 млн теңгені құрайтын демалыс кешенінің ашылуы жоспарлануда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі[:]

[:ru]Еще новости[:kk]Басқа жаңалықтар[:]

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button