Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Аймақ

[:kk]Түркістан облысы коронавирустың екінші толқынына дайын[:]

[:kk]Елімізде коронавирустың екінші толқыны басталғаны белгілі. Түркістан облысы эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша қалыпты деген «жасыл» аймақта тұр. Қауіпті инфекцияның таралуы өршіген жағдайда өңірдегі емдеу мекемелеріндегі инфекциялық төсек-орындар санын 6 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Жалпы, облыс бойынша бүгінгі таңда мыңға жуық инфекциялық және карантиндік төсек-орын дайын.

 

Соңғы бір тәулік ішінде облыс аумағында коронавирус инфекциясына шалдыққан 16 адам тіркелді. Өсу тәулігіне 0,42% құрайды. Жалпы Түркістан облысында  113 емделуші, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби, Созақ, Түлкібас, Жетісай аудандарының тұрғындары ем қабылдап жатыр. Ауыр жағдайда жатқан науқастар жоқ. Басым бөлігі COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 

Елдегі пандемия басталғалы өңірде 3816 жағдай тіркеліп отыр.  Оның  ішінде 2372 симптомсыз жағдай, 1642-сі стационарлық.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі[:]

[:ru]Еще новости[:kk]Басқа жаңалықтар[:]

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button