Түркістан облысында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай 60-тан астам іс-шара өткізілмек
Түркістан облысында Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай, Түркістан қаласы, Бәйдібек, Жетісай, Ордабасы, Отырар, Сарыағаш, Түлкібас, Қазығұрт аудандарында орнатылған ескерткіштер мен бюстеріне гүл шоқтары қою іс-шарасы өткізілді.
Барлық карантиндік шектеулерді сақтай отырып шараға ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар, мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ, ақын туындыларынан үзінділер оқып, рухани азық алды.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған облыстық іс-шаралар жоспары түзіліп, Түркістан облысында 60-тан астам іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Мәдениет және өнер мекемелерінде Жас ақындар айтысы, «Жамбыл оқулары» байқауы, «Жамбылға арнау» мерекелік концерті, «Жамбыл – Ұлы Дала ақыны» әдеби сазды кештер, театрландырылған қойылымдар, көркем және деректі фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылып, «Жамбыл Жабаев – Ұлы даланың алып жыршысы» облыстық семинар-форумы, «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың – Жамбылы», «Жыр алыбы – Жамбыл», «Жүз жыл жырлаған жүрек «Тау мен дала жыршысы» тақырыптарында көрме экспозициялары, мәдени іс-шаралар, танымдық кештер, лекция сабақтары және дөңгелек үстелдер өткізілетін болады.
Бұдан өзге, білім беру мекемелерінде Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы туралы апталықтар, «Жыр алыбы – Жамбыл», «Тарихтың мәңгілік тұлғасы», «Жамбыл Жабаев жүз жасаған бәйтерек», «Жамбыл оқулары» сынып сағаттар өткізіліп, музей бұрыштар ашылмақ.
Бүгінде облыста ұлы ақын есімімен 3 ауылдық округ, 4 елді мекен, 84 көше, 12 мектеп, 7 ескерткіш-бюсттар орнатылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі