Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Аймақ

[:kk]Түркістанда 1 мыңнан астам адамның қатысуымен сенбілік өтті[:]

[:kk]Түркістан қаласын көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың қатысуымен сенбілік шарасы өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған тазалық жұмыстарына аудан қалалардағы «Ветеринарлық қызмет», «Тұран су», «Бөген арнасы», «Ырыс» МҚҰ, «Оңтүстік» АИО», «Түркістан» ӘКК АҚ мекемелерінің филиалдарынан жалпы саны 1369 азамат атсалысты.

Сондай-ақ, жер тегістейтін 10 дана техника, 10 дана қоқыс жинауға арналған жүк көліктері жұмылдырылды. Сенбілік жиын барысында Халықаралық әуежай бағытындағы 30 шақырымнан астам жол бойы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, жаңадан отырғызылған ағаш көшеттері түгел әктелді.

Ұйымдастырушылар көктем мезгілінде мұндай шаралар жиі өткізілетінін мәлімдеді. Алдағы уақытта Түркістан қаласының өзге де аумақтарында жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі[:]

[:ru]Еще новости[:kk]Басқа жаңалықтар[:]

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button