Түркістан
Павлодар облысының аудандарына барып тыныс тіршіліктерін көріп сол жаққа қоныс аудару ниетімен 5 отбасы 6 адам жолға шықты
Біздің ауданда, басы артық жұмыс күші бар, облыстағы халқы тығыз орналасқан аумақтарының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда аудан бойынша тұрғын үй алу кезегінде 4914 адам тұр. Экономикалық белсенді халықтың ішінде жұмыспен қамтылғаны 78 835 мың адам, оның құрамында өздігінше жұмыспен қамтылғандары 28 031 мың адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылғандардың 35.6 пайызын құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың ішіндегі өздігінше жұмыспен қамтылғандары біздің ауданымызда облыс бойынша ең жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.
Сондықтан, бүгінгі таңда басталған жұмыс күші мол өңірлерден еңбек ресурстарын солтүстік, шығыс өңірлеріне көшіру мәселелері маңызды шара болып табылады. Осы мақсатта бүгін Павлодар облысының аудандарына барып тыныс тіршіліктерін көріп сол жаққа қоныс аудару ниетімен 5 отбасы 6 адам жолға шықты. Осы іссапарға демеушілік жасап қолдау көрсетіп отырған Ж. Ағабеков ағамызға ризашылығымызды білдіреміз. Сапарлары сәтті болсын деп тілек тіледік.