Жарияланымдар
Қазақстанда демалыс күндері боран болады

Қазақстанның көпшілік аумағында 14 ақпанда антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды saraptime.kz
15 ақпаннан бастап республика батысына солтүстік-батыстық циклон қозғала бастайды, ол шығыс бағытта жылжи отырып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, төменгі деңгейдегі борандар және еліміздің барлық аймағында ауа температурасының біртіндеп көтерілуін туғызады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 14–16 ақпан аралығында оңтүстік циклонның жазығымен байланысты атмосфералық фронттық толқындар өтетіндіктен жаңбыр мен қар жауады, ал 14–15 ақпанда – қатты жауын-шашын күтіледі.
Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі, тайғақ және тұман күтіледі.



