Қауіпсіздік дабылы: Германия вокзалдарында мыңдаған қылмыс тіркелді

Германияның теміржол вокзалдарында 2025 жылы 980 пышақпен жасалған шабуыл және 2200 жыныстық сипаттағы қылмыс тіркелді,- деп хабарлайды saraptime.kz
2025 жылы Германияның теміржол станцияларында және пойыздарында пышақ қолданылған 980 шабуыл және шамамен 2200 жыныстық қылмыс фактісі тіркелген. Бұл туралы Stuttgarter Nachrichten басылымы Федералдық полиция деректеріне сілтеме жасап жазады. Ақпан айының басында пойыз жолсерігінің қаза табуына әкелген шабуыл вокзалдардағы қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді.
Қай жерде аса қауіпті
Зорлық-зомбылық қылмыстары ең көп тіркелген вокзалдар:
- Лейпциг орталық вокзалы – 859 жағдай
- Дортмунд орталық вокзалы – 735
- Берлин орталық вокзалы – 654
- Кельн орталық вокзалы – 648
- Ганновер орталық вокзалы – 612
Сондай-ақ проблемалы вокзалдар қатарына Гамбург, Мюнхен, Франкфурт-на-Майне, Дюссельдорф және Эссен қалалары да енген.
Зорлық-зомбылықтың өсу себептері
Полицияның мәліметінше, теміржол вокзалдары адамдар ағынының көптігі, келушілердің анонимділігі және әлеуметтік жағдайы төмен аудандарда орналасуы салдарынан осал нысан болып қала береді. Бұған қоса, алкогольдің әсері мен полиция бақылауының жеткіліксіздігі ұрлық, шабуыл және жыныстық қылмыстардың көбеюіне ықпал етеді.
Бұған дейін Германияда банкке батыл шабуыл жасалған. Қылмыскерлер 14 сейфтік жәшікті бұзып, ізін суытқан. Ұрланған қаражат көлемі әзірге белгісіз.



