Дін
Ауызашар берудің сауабы қандай?
Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың бірі. Осы қасиетті айда ауызашар беріп, қонақ қылудың пайдасын назарға ұсынамыз,– деп хабарлайды saraptime.kz
Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Ораза ұстаушыны тамақтандырған адам (ауызашар берген) оның сауабын алады. Әрі оған ораза ұстаушының сауабы еш кемітілмей беріледі», деп сүйіншілеген (Тирмизи).
Ауыз аштырудың төрт түрлі сауабы барын айтуға болады. Олар:
• Ораза ұстаушының сауабы беріледі;
• Күнәлары кешіріледі;
• Рамазан айы бойына періштелер ауыз аштырған кісіге Алладан жарылқау тілеп тұрады;
• Тозақ отынан азат болады.
