Жаңалықтар

Кореядағы қазақстандықтарға маңызды жаңалық

Ақпан айының соңына дейін Корея Республикасында заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар елден айыппұлсыз және қайта кіруге тыйым салынбай, ерікті түрде шыға алады, – деп хабарлайды saraptime.kz

Еске сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасының Әділет министрлігімен заңсыз көші-қонды азайту және азаматтарымыздың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүргізілген келіссөздер нәтижесінде ерікті түрде шығу бағдарламасының мерзімін ұзарту туралы келісімге қол жеткізді. Бағдарлама 2025 жылғы желтоқсаннан бері қолданыста.

Бұл шаралар құқықтық салдарды жеңілдетуге және өз мәртебесін реттеуге дайын азаматтарды қолдауға бағытталған. Бағдарлама қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, мәжбүрлі түрде елден шығарылуға жататын тұлғаларға, сондай-ақ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетел азаматтарына қолданылмайды.

Бағдарламаға қатысу үшін паспорт, ерікті түрде шығу туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама ұшып кету күніне дейін 15 күннен 3 күн аралығында Корея Республикасының иммиграциялық кеңселері арқылы беріледі.

Еңбек министрлігі Қазақстан азаматтарына шетелде тек заңды негізде жұмысқа орналасуды қатаң түрде ұсынады. Бұл заңсыз көші-қон, елден шығарылу, айыппұл салу, құқықтардың шектелуі және еңбек қанауына ұшырау сияқты тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Тек ресми және тексерілген жұмысқа орналастыру арналарына – лицензиясы бар жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктеріне, мемлекеттік бағдарламаларға және жұмыс берушілердің ресми ұсыныстарына жүгіну қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button