Қазақстан
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады

Президент Жапония Императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді,- деп хабарлайды saraptime.kz
“Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында жандана беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Император Нарухитоның игі бастамаларына мол табыс, ал достас жапон халқына бақ-береке тіледі”,- деп жазды Ақорда.