Алматыда сенаторлар жаңа Конституцияны кеңінен талқылады

Алматыда Парламент депутаттарының, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, әлеуметтік сала, білім беру қызметкерлері мен жастардың қатысуымен кездесулер сериясы жалғасуда.ге бағытталған бастамалар талқылануда. Талқылау алаңдарының бірі Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығында өтті,– деп хабарлайды saraptime.kz
Мұнда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының және AMANAT партиясының өкілдерімен бірге мекеме ұжымымен кездесті. Қатысушылар әлеуметтік саясат пен денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.
Сенатор Сұлтанбек Макежанов бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, қаражаттың едәуір бөлігі денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саланы дамытуға бағытталады. Сондай-ақ ол 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін екі орталық пен жаңа емхана пайдалануға берілгенін, жедел медициналық жәрдем қызметінің автопаркі толық жаңартылғанын, ал денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 25%-ға өскенін жеткізді.
Сенат депутаты Нұрия Ниязова қоғамдық қатысу институттарының маңыздылығына тоқталып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерінің бірі ретінде Халық кеңесінің құрылуын атап өтті.

Конституциялық өзгерістерге қатысты мәселелер қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұжымымен өткен кездесуде де талқыланды. Сенаторлар Конституция жобасының негізгі жаңашылдықтары туралы айтып, олардың қатарында отбасы институтын дамыту және білім беру саласын қолдау мәселелері бар екенін атап өтті.
Нурия Ниязованың айтуынша, Негізгі заң жобасында отбасының рөлі мен ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігіне ерекше назар аударылған, сондай-ақ отбасы ер мен әйелдің одағы ретінде белгіленген. Сенатор Жанна Асанова құжатта азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде білім беру саласына қатысты нормалар көрініс тапқанын атап өтті. Кездесу барысында депутаттар қатысушылардың Конституция жобасына енгізілген жаңа институттарға, оның ішінде бір палаталы Парламент пен Халық кеңесі институтына қатысты сұрақтарына жауап берді.
Жаңа Конституция жобасы «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында да талқыланды. Мұнда жалпыұлттық коалиция мүшелері ұсынылып отырған өзгерістердің саяси жүйені жаңғыртуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға ықпалы туралы айтып берді. Мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру және қоғам мен билік арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сұлтанбек Макежанов Конституцияны жаңғырту қазіргі заман талаптары мен қоғамның даму сұранысына байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, Конституция жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына азаматтардан 10 мыңнан астам ұсыныс түскен, бұл қоғамның жоғары белсенділігін көрсетеді.
Жанна Асанова жаңа Конституция әрбір азаматтың мүддесін ескеретін және қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететін құжат болуы тиіс екенін атап өтті. Ол негізгі бағыттардың қатарында заң үстемдігін қамтамасыз ету және сот жүйесінің тәуелсіздігін одан әрі нығайтуды атады. Талқылау барысында орталық қызметкерлері әлеуметтік саланы дамыту мәселелерін көтерді.



