Әлем
Халықаралық ұйым дабыл қақты: Ауғанстанда аштық күшейді

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Ауғанстандағы миллиондаған адамның қасиетті Рамазан айын қатты аштық пен терең экономикалық қиындық жағдайында қарсы алып отырғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды saraptime.kz
Мәліметтерге сәйкес Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының соңғы мәлімдемесінде ел бойынша мұқтаж отбасыларды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін серіктестерімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
ВПП мәліметінше, елде 17 миллион адам өткір азық-түлік тапшылығын бастан кешіруде. Көптеген ауғанстандықтар ұзақ жылдарға созылған экономикалық дағдарыс, құрғақшылық және негізгі қызметтерге қолжетімділіктің шектеулі болуына байланысты тұрақты табыс көзінен айырылған



