Жаңалықтар

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы жағдай:ҰҚШҰ не ұсынады?

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы жағдайдың дамуын жіті бақылап отырғанын хабарлады. Бұл туралы ұйымның Хатшылығында мәлім етілді,– деп хабарлайды saraptime.kz

ҰҚШҰ өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға мүдделі екенін атап өтіп, қақтығысты шешудің бірден-бір дұрыс жолы – саяси-дипломатиялық реттеу екенін мәлімдеді.

ҰҚШҰ – 1992 жылғы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт негізінде құрылған халықаралық өңірлік қауіпсіздік ұйымы. Ұйым құрамына алты мемлекет кіреді: Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан.

Қазақстан – ҰҚШҰ-ның құрылтайшы мемлекеттерінің бірі. Ел ұйым қызметіне белсенді қатысып келеді, соның ішінде бірлескен оқу-жаттығулар өткізуге, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын үйлестіруге және трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасауға атсалысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button