Конституция

Жаңа Конституция: ҚСЗИ-дегі кәсіби талқылау

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Конституциялық комиссия мүшелері мен жас сарапшылардың қатысуымен «Конституциялық реформаның негізгі қағидалары: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында диалог алаңы өткізілді,– деп хабарлайды saraptime.kz

Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры – Басқарма мүшесі Индира Рыстина, саясаттанушы Талғат Қалиев, сондай-ақ «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова сөз сөйледі.

Кімдер қатысты? 

Іс-шараға ҚСЗИ-дың жас сарапшыларды қолдау бағдарламасы түлектері, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің қатысушылары, сондай-ақ елдің жетекші зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты.
Кездесу сұрақ-жауап сессиясы форматында өтті.

Не талқыланды? 

Талқылаудың орталығында – экологиялық мәселелер, азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қорғау, ұлттық және халықаралық құқық арасындағы қатынас, Конституцияны енгізу бойынша өтпелі кезең, сондай-ақ жаңа саяси институттар: Қазақстан Халық Кеңесі, Құрылтай және ВицеПрезидент болды.
Жас сарапшылардың жаңа Конституция жобасында экологиялық қауіпсіздікті бекіту туралы сұрағына жауап бере отырып, ҚСИИ директоры Жандос Шаймарданов құжатта азаматтар мен мемлекет үшін кешенді міндеттер белгіленгенін атап өтті.

«Азаматтарға да, мемлекеттің өзіне, мемлекеттік органдарға, соның ішінде бизнес өкілдеріне де тікелей жауапкершілік жүктейтін нормалар бар», – деді Ж. Шаймарданов.

Саясаттанушы Талғат Қалиев қоршаған ортаны қорғау ережелерін кіріспенің құндылық шеңбері арқылы – қазіргі ұрпақтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігінің көрінісі ретінде қарастыру керектігін қосты.

«Егер жер қойнауы мен ресурстар халыққа тиесілі болса, онда халық оларға өз меншігі ретінде – мұқият және ұқыпты қарауға міндетті», – деп атап өтті саясаттанушы.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Индира Рыстина қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды конституциялық деңгейде бекіту салалық заңнаманы дамыту үшін тұрақты негіз қалайтынын түсіндірді.

Диалог алаңына қатысушылар жаңа Конституция жобасында тұрғын үй құқықтарын қорғау мәселесін де көтерді. Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская, әсіресе балалы отбасылар үшін, үйден шығару істерінде соттық қайта қараудың маңыздылығын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button