Апта соңындағы қаржы нарығы: Валюта, мұнай және металл бағасы

Ресми курс – 1 АҚШ доллары 497,56 теңге, – деп хабарлайды saraptime.kz
Мұнай
Демалыс күндері қарсаңында трейдерлер АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың ушығуынан қауіптенуде. АҚШ-тың Таяу Шығысқа әскери күштерді ауқымды түрде шоғырландыруы нарықты алаңдатып отыр, деп жазады «Интерфакс-Қазақстан».
Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің бағасы астана уақытымен 21:44-тегі мәлімет бойынша барреліне 72,29 долларды құрады. Бұл алдыңғы сауда-саттық жабылуымен салыстырғанда 1,45 долларға (2,05%) жоғары.
Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстері осы уақытқа қарай 1,31 долларға (2,01%) өсіп, барреліне 66,52 доллар болды.
АҚШ Иранға елеулі соққы беруі мүмкін деген қауіп мұнай бағасының жыл басынан бері шамамен 20%-ға өсуіне ықпал етті. Бұл ретте нарықта ұсыныстың артық болуы сақталады деген базалық болжамдар да бар. Инвесторлардың назары 1 наурызда өтетін ОПЕК+ елдерінің сегіз мемлекеті өкілдерінің кездесуіне де ауып отыр.
Металдар
Жұма кешінде геосаяси тұрақсыздық аясында алтын қымбаттады. Астана уақытымен 22:01-дегі жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында сәуір айындағы алтын фьючерсінің құны алдыңғы жабылу бағасымен салыстырғанда 50,85 долларға (0,98%) өсіп, бір трой унциясы 5 245,05 долларды құрады.
Наурыз айындағы күміс фьючерсі 5,75%-ға қымбаттап, унциясы 93,376 доллар болды.
Криптовалюта
coinmarketcap.com деректеріне сәйкес, астана уақытымен 21:14-те bitcoin бағамы 65 917,67 доллар деңгейінде саудаланды. Соңғы 24 сағат ішінде алғашқы криптовалютаның бағасы 1,8%-ға төмендеді, ал нарықтық капитализациясы 1,3 трлн долларды құрады.
Ethereum осы уақытта 1 936,76 доллар болып, 1,36%-ға арзандады. Оның капитализациясы 233,9 млрд долларды құрады.
Жалпы криптовалюта нарығының капитализациясы — 2,28 трлн доллар.
Теңге бағамы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 28 ақпан – 2 наурыз аралығына арналған шетел валюталарының теңгеге қатысты ресми бағамдарын белгіледі.
АҚШ долларына қатысты теңгенің ресми бағамы 27 ақпанда Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында өткен екі сауда сессиясының қорытындысы бойынша айқындалды. Басқа валюталарға қатысты бағамдар 27 ақпан күні астана уақытымен 17:00-дегі қалыптасқан кросс-бағамдар арқылы есептелді.
Ресми бағамдар:
• 1 австралиялық доллар – 353,72 теңге
• 1 әзербайжан манаты – 293,55 теңге
• 10 армян драмы – 13,30 теңге
• 1 беларусь рублі – 172,58 теңге
• 1 бразилиялық реал – 96,80 теңге
• 10 венгр форинті – 15,65 теңге
• 1 Гонконг доллары – 63,59 теңге
• 1 грузин лариі – 188,18 теңге
• 1 дат кронасы – 78,57 теңге
• 1 БАӘ дирхамы – 135,50 теңге
• 1 АҚШ доллары – 497,56 теңге
• 1 еуро – 586,92 теңге



