Жаңалықтар

Мүгедектігі бар балаларға арналған мемлекеттік қызметтер жеткіліксіз — депутат

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Ұласбек Сәдібеков мүгедектігі бар балаларға және олардың күтушілеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың кемшіліктеріне назар аударды,- деп хабарлайды saraptime.kz

Депутат арнайы оңалту орталықтарының аздығы, инклюзивті мектептер мен балабақшалардың жеткіліксіздігі, логопед және дефектолог мамандардың тапшылығы мәселелерін атап өтті.
Көптеген ата-аналар балаларына қажетті емшараларды алу үшін жекеменшік орталықтарға жүгінуге мәжбүр. Балаларға күнделікті массаж, логопедиялық көмек және емдік дене шынықтыру мамандары қажет, бірақ мемлекеттік мекемелер саны аз және кезек жылдарға созылады.

Сонымен қатар, күтушілерге қатысты әлеуметтік кепілдіктер толық қарастырылмай, кейде олардың жалақысы қысқарып кетеді. Ұ. Сәдібеков Үкіметке мамандардың еңбек ақысын арттыру, балаларға арналған арнайы орталықтардың санын көбейту, инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамыту, күтушілерге қолдау көрсету және мүгедектігі бар балаларға төленетін жәрдемақыны қайта қарау ұсыныстарын жолдады.

Депутаттың сөзінше, бұл мәселе республика көлемінде өзекті болып отыр және шешімін табуды қажет етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button