Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Аймақ

[:kk]Кәсіпкерге шабуыл жасап, 700 мың теңгесін тартып алған[:]

[:kk]Түркістан облысында кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған екі адамның бірі іздестіріліп жатыр. Оқиға Сарыағаш қаласында болған. «Газель» көлігіне отырған ер адамды бетперде киген екі жігіт қарумен қорқытып, 700 мың теңгеге жуық ақша салынған сөмкесін тартып алып, ізін жасырған екен, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бейнекөріністе күдіктілердің әрекеті айқын көрініп тұр. Олар ақшаны алысымен, көлікке отырып, белгісіз жаққа бой тасалаған. Облыстық полиция департаментінің білікті мамандары сарыағаштық әріптестерімен бірлесіп, сезіктілердің бірін Шымкенттегі жалдамалы пәтерден тауыпты. Ол бұған дейін 3 рет сотты болған қала тұрғыны екен.
СҰЛТАНБЕК ҮСІПБЕКОВ СҰЛТАНБЕК ҮСІПБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Оқиға орнына бұлар жалған мемлекеттік автокөліктің номерімен барған. Аталған номерді қылдмыстан алдын бір күн бұрын Шымкентте көшеден жасырын ұрлап кеткен. Қазіргі таңда, қасында болған екінші сыбайласы анықталып, ұстау жұмыстары жүргізілуде».[:]

[:ru]Еще новости[:kk]Басқа жаңалықтар[:]

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button