Аймақ

Түркістан облысында мобильді топтардың қызметін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» төлейді

Түркістан облысында мобильді топтардың қызметі үшін 5 400 теңгені «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ төлейді

Бұл жөнінде қордың Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады.

Асхат Бейсенбаевтың айтуынша, «Мобильді бригадалар ЖРВИ/КВИ/тұмау/пневмония белгілері пайда болған кезде пациенттердің үйінде ПТР-тестке материал жинауды жүргізеді.

«Сондай-ақ, аталған топтар науқастарға диагноз қойып, медициналық тексеруден өткізеді. Тұрғындар үшін қызметтің бұл түрі тегін болады. Осы қызметтерді көрсеткен емханаларға ақыны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ төлейді», – деді, филиал директоры.

Қордың филиал директоры мобильді бригаданың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да қажетті көмек көрсету және сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етілетінін де атап өтті.

Дереккөз: coronavirus2020.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button