Жарияланымдар
Қазақстанның 6 облысында 7 ақпан таңына дейін жол жабық

Жолдардың ашылуының болжамды уақыты – 8:00–9:00. Қазақстанның алты өңірінде республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде қозғалыс шектелді,- деп хабарлайды saraptime.kz
Қозғалыс шектелген аумақтар:
Шығыс Қазақстан облысы:
- Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы автожолы, 1104–1191 км, Глубокое ауылынан Шемонаиха қаласына дейін — тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін.
Жолдың ашылуының болжамды уақыты — 7 ақпан, 9:00. - Өскемен – Семей автожолы, 10–103 км, Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін — барлық көлік түрлері үшін.
Болжамды ашылу уақыты — 7 ақпан, 9:00.
Абай облысы:
- Өскемен – Семей автожолы, 103–198 км, Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін — барлық көлік түрлері үшін.
Болжамды ашылу уақыты — 7 ақпан, 9:00. - Семей – Қайнар автожолы, 8–284 км, Семей қаласынан Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Богас автожолына дейін — барлық көлік түрлері үшін.
Болжамды ашылу уақыты — 7 ақпан, 9:00. - Семей – РФ шекарасы автожолы, 2–113 км, Семей қаласынан РФ шекарасына дейін — барлық көлік түрлері үшін.
Болжамды ашылу уақыты — 7 ақпан, 9:00.
Ақмола облысы:
- Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы автожолы, 16–200 км, Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін — жолаушылар рейстік автобустары мен жүк көліктері үшін.
Қозғалыстың болжамды ашылу уақыты — 7 ақпан, 8:00.
Павлодар облысы:
- Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы автожолы, 200–431 км, Ақмола облысының шекарасынан Атамекен кентіне дейін — жолаушылар рейстік автобустары мен жүк көліктері үшін.
Қозғалыстың болжамды ашылу уақыты — 7 ақпан, 8:00. - Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолы, 1135–1206 км, Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін — барлық көлік түрлері үшін.
Жолдың ашылуының болжамды уақыты — 7 ақпан, 8:00.
Жамбыл облысы:
- РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159–238 км, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін — жолаушылар рейстік автобустары мен жүк көліктері үшін.
Қозғалыстың болжамды ашылу уақыты — 7 ақпан, 8:00.
Қарағанды облысы:
- Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Богас автожолы, 17–60 км, Қарағанды қаласынан Ботақара кентіне дейін — барлық көлік түрлері үшін.
Жолдың ашылуының болжамды уақыты — 7 ақпан, 9:00. - Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолы, 1064–1135 км, Молодёжный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін — барлық көлік түрлері үшін.
Жолдың ашылуының болжамды уақыты — 7 ақпан, 9:00.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 call-орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.



