Дін

Ауызашар берудің сауабы қандай?

Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың бірі. Осы қасиетті айда ауызашар беріп, қонақ қылудың пайдасын назарға ұсынамыз,– деп хабарлайды saraptime.kz

Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Ораза ұстаушыны тамақтандырған адам (ауызашар берген) оның сауабын алады. Әрі оған ораза ұстаушының сауабы еш кемітілмей беріледі»,  деп сүйіншілеген (Тирмизи).

Ауыз аштырудың төрт түрлі сауабы барын айтуға болады. Олар:

• Ораза ұстаушының сауабы беріледі;

• Күнәлары кешіріледі;

• Рамазан айы бойына періштелер ауыз аштырған кісіге Алладан жарылқау тілеп тұрады;

• Тозақ отынан азат болады.

Back to top button