Конституция

2026 жылы Қазақстанда 547,7 мың адамды жұмыспен қамту жоспарлануда

2026 жылы Қазақстанда 547,7 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ биыл жасанды интеллект негізіндегі Цифрлық жұмыспен қамту қызметін іске қосу жоспарланған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі ведомстволық алқа отырысының қорытындысы бойынша хабарлады, деп жазады saraptime.kz

Еңбек министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, бүгінде министрлік жұмысының басты стратегиялық басымдығы – халықты өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыру.

«Біз нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, тұрақты жұмыс орындарын құру және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру бағытында күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет. Өткен жылдан бастап жұмыспен қамтуды мониторингтеу тек міндетті зейнетақы жарналары туралы деректер негізінде жүзеге асырылады. Бұл бізге формалды есепті толықтай алып тастап, нақты жұмыспен қамтылу деңгейін объективті бағалауға көшуге мүмкіндік берді», – деп атап өтті Аскарбек Ертаев.

Бұл бағыттағы жұмыс Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында жүргізілуде. Құжаттың негізгі макрокөрсеткіші – 2029 жылға қарай сапалы жұмыс орындарының санын 3,8 млн-ға жеткізу. 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономикада мұндай 2,9 млн жұмыс орны жұмыс істеп тұр. 2026 жылы өңірлік жол карталары аясында 547,7 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Биылғы жылдың маңызды қадамы – жұмыс іздеушілерге жеке бағыттарды проактивті түрде ұсынуға мүмкіндік беретін «ЖИ негізіндегі Цифрлық жұмыспен қамту қызметін» толыққанды іске қосу болмақ

Басқа жаңалықтар

Back to top button