Жаңа Конституция: «AZMK GROUP» ұжымының ортақ ұстанымы

Алматыда «AZMK GROUP» холдингінің еңбек ұжымының жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиналысы өтті,– деп хабарлайды saraptime.kz
Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы Шухрад Шардинов ұсынылып отырған өзгерістердің өнеркәсіптің дамуы мен мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтудағы маңызын атап өтті.
Жұмысшы жастардың өкілі, арматура және қалыптау цехтарының бастығы Мадияр Әбілқайып:
– Біздің ұжым референдумды және өнеркәсіп саласында бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін Негізгі заңдағы өзгерістерді қолдайды. Конституция жобасы еңбек адамының мәртебесін арттырып, қызметкерлер үшін әлеуметтік кепілдіктерді бекітеді, – деп атап өтті.
«AZMK GROUP» техникалық бақылау бөлімінің бастығы Максим Долингер де өндіріс саласы үшін құқықтық тұрақтылықтың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша ұжым жаңа Негізгі заң жобасын қолдайтындарын білдірді.
Еске салайық, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум 15 наурызға жоспарланған.



