Конституция

Алматыдағы “ЛОТТЕ Рахат” ұжымы референдумды қолдайтынын мәлімдеді

Алматы қаласында орналасқан «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ның еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қабылдауға арналған алдағы республикалық референдумды қолдайтынын мәлімдеді,– деп хабарлайды saraptime.kz

№1 карамель цехының бастығы Айнұр Сарғабаева әрбір азаматтың саналы таңдау жасауының маңызын ерекше атап өтті.

– Біз, «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ның еңбек ұжымы, күн сайын ортақ іске өз үлесімізді қосып келеміз. Әрбір өнім – тәртіптің, жауапкершіліктің және бірліктің жемісі. Сапа да әр адам өз ісіне адал болған кезде ғана қалыптасады, — деді ол.

Оның айтуынша, әрбір азамат 15 наурыз күні өз таңдауын жасауға тиіс.

– Жаңа Конституция елдің дамуына, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Сондықтан біз Әділетті Қазақстан құру жолындағы бастамаларды қолдаймыз, – деп қосты ол.

Кездесуге қатысушылар да бұл бастаманың ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде республикалық референдум өткізу жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button