weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
11 тамыз, 2026 / Admin / Жаңалықтар 31
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Құрылтай сайлауы: жеті партияның алғашқы дебаты тікелей эфирде өтеді

12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді. Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері кездеседі,— деп хабарлайды saraptime.kz

Құрылтай сайлауы: жеті партияның алғашқы  дебаты тікелей эфирде өтеді Құрылтай сайлауы: жеті партияның алғашқы  дебаты тікелей эфирде өтеді

• «Әділет» партиясы - Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;
ЖСДП - Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;

• «Байтақ» партиясы - Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;

• Қазақстан Халық партиясы - Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;

• «Ауыл» партиясы - Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;

• «Ақ жол» партиясы - Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;

• Respublica партиясы - Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.

Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.

Көрермен назарына:

• сайлауалды бағдарламаларға толық талдау;

• тікелей эфирде келіп түскен ең өткір сұрақтарға жауаптар;

• дебатқа қатысушылардың пікірі бойынша сайлауалды бағдарламалардың әлсіз тұстары;

• партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.

Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.
Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.

.

Көп оқылды:

.
.