weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
30 қыркүйек, 2026 / Admin / Жаңалықтар 16
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жастар Алматы тауларының экологиялық жауапты дамуын қолдады

ҚазҰУ студенттері Көкжайлау мәселесін талқылау үшін «Kazakh Tourism Development Ltd.» атқарушы директоры Ержан Еркінбаевпен кездесті.

Жастар Алматы тауларының экологиялық жауапты дамуын қолдады Жастар Алматы тауларының экологиялық жауапты дамуын қолдады

Жастар жобаның аумаққа әсері, экология, қала тұрғындары үшін қолжетімділік және болашақ жұмыс орындары туралы сұрақтарын қойды.

Кездесуді студенттердің өздері ұйымдастырған. Бұған Almaty SuperSki жобасының әлеуметтік желілерде қызу талқылануы себеп болған. Жастар ақпаратты сыртқы пікірлерден емес, жобаны жүзеге асырып жатқан компания өкілінен тікелей алуды жөн көрген.

Талқылауда Көкжайлауда қандай инфрақұрылым пайда болатыны, аумақтың табиғи ортасы қалай қорғалатыны және туристік ағын қалай ұйымдастырылатыны сөз болды.

Кездесуге Альпинизм және құзға өрмелеу федерациясының президенті Нұрсұлтан Шоқанов, ҚазҰУ ботаника және агроэкология кафедрасының меңгерушісі Нұрсұлу Ахтаева, студенттер мен қоғам өкілдері қатысты.

Нұрсұлу Ахтаеваның айтуынша, бастапқы зерттеулер Almaty SuperSki жобасының Көкжайлау экожүйесіне кері әсер етпейтінін көрсеткен. Ғалымдар зерттеуді жалғастырып жатыр.

Студенттерді жобаның жастарға беретін мүмкіндіктері де қызықтырды. Ержан Еркінбаевтың айтуынша, жоба іске асқан сайын туризм, сервис, экология және инженерия салаларында жаңа мамандарға сұраныс пайда болуы мүмкін.

Кездесуді ұйымдастырған жастар JANA LEP қоғамдық қозғалысының негізін қалаушылар қатарында. Қозғалыстың негізгі идеясы – Алматының болашағына бейжай қарамайтын жастарды біріктіру.

.

Көп оқылды:

.
.