weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
7 қыркүйек, 2026 / Admin / Жаңалықтар 25
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Батыс Қазақстан жастары «Әділет» партиясына ұсыныстарын айтты

«Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы жастармен ашық кездесу өткізіп, білім, жұмыс, тұрғын үй және кәсіпкерлік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Saraptime.kz

Батыс Қазақстан жастары «Әділет» партиясына ұсыныстарын айтты Батыс Қазақстан жастары «Әділет» партиясына ұсыныстарын айтты

Кездесуге партия өкілдері, мәслихат депутаты, жастар ресурстық орталықтарының басшылары, журналистер, блогерлер, кәсіпкерлер, студенттер мен белсенді жастар қатысты.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 185 516 жас тұрады. Бұл өңір халқының 26,6 пайызы. Оның 105 297-сі қалада, 80 219-ы ауылда тұрады. Өңірде жастарға білім беретін 4 жоғары оқу орны мен 36 колледж жұмыс істейді.

Кездесуде жастардың білім алуы, жұмыспен қамтылуы, тұрғын үй, кәсіпкерлік және шығармашылық салаларындағы мәселелер көтерілді. Ауыл жастарына арналған мүмкіндіктерге де назар аударылды.

2025 жылдың IV тоқсанында облыстағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайыз, ал NEET санатындағы жастардың үлесі 4,4 пайыз болды. Бұл санаттағы жастармен жеке жұмыс жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламалар мен бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріледі.

Тұрғын үй мәселесі бойынша 2024 жылдан бері жергілікті бюджеттен 3,183 млрд теңге, «Отбасы банк» тарапынан 331 млн теңге бөлінген. «Жайық жастары» бағдарламасы арқылы 2024 жылы 41, 2025 жылы 72 жас баспаналы болды. Алдағы уақытта тағы 90-нан астам жасты тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр.

Партия өкілдері жастардың ұсыныстарын тыңдап, олардың бастамаларын қолдаудың маңызын атап өтті. Жастар өз кезегінде білім, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік, тұрғын үй және қоғамдық жобалар бойынша ұсыныстарын жеткізді.

«Әділет» партиясының бағдарламасында жастардың әлеуетін арттыруға да басымдық берілген. Партия 5 миллион жасты жасанды интеллект құралдарын қолдануға үйретіп, 1 миллион жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.

Кездесу жастардың ұсыныстарын өңірлік күн тәртібіне енгізуге және оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға бағытталды.

.

Көп оқылды:

.
.