Түркістан

Қоғаммен кері байланыс жасаудың тағы бір тетігі іске қосылды

Бүгін Сайрам аудандағы өзекті тақырыптарды тарқата түсіндіру, БАҚ өкілдерімен тұрақты әріптестік байланыс жасап, жылдам ақпарат алмасу мақсатында аудан әкімдігінің баспасөз орталығынан брифинг ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды.

Бұған дейін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің тапсырмасымен ауданның әлеуметтік картасы әзірленіп, 11 ауылдық округ бойынша 122 мәселе айқындалған болатын. Аталған мәселелердің шешімін табу мақсатында атқарылған жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде осы орталықта баяндалмақ.

Ал бүгінгі тақырып ең өзекті мәселе – аудандағы жерге қатысты әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында көтерілген мәселелерге арналды.

Айта кетейік, 215 мыңнан астам халқы бар Сайрам ауданының жер көлемі – 114761 гектарды құрайды. Оның 79273 гектары ауыл шаруашылық мақсатында, ал 22341 гектары елді мекен жерлері. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінетін жер учаскесін алуға кезегіне ауданның 18218 азаматы тіркелген.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button