Қырымбек Көшербаев Түркістанда Абай мен әл-Фарабиге арналған іс-шараларға қатысты
ҚазАқпарат – 23 қазан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды. Онда Абай мен Әл-Фарабидің мерейтойлық жылы аясында өткен салтанатты іс-шараларға қатысып, өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Newsroom+Ақпарат агенттігі бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік хатшының жұмыс сапары ұлы ойшыл әл-Фарабидің атамекені Отырардан басталды. Қырымбек Көшербаев бұл жердегі қайта қалпына келтіру жұмыстарымен және «Әбу Насыр әл-Фараби руханияты» атты музейдің қызметімен танысты.
Сондай-ақ «Арыстанбаб» кесенесіне зиярат жасап, «Ұлы бабалар аллеясын» аралап көрді. Мемлекеттік хатшы Абай мен әл-Фараби ескерткіштерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының және «екінші ұстаз» Әбу Насыр әл-Фарабидің ескерткіштерінің ашылуы олардың ұрпақтарының киелі Түркістан топырағына деген құрметі болып табылады.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kyrymbek-kosherbaev-turkistanda-abay-men-al-farabige-arnalgan-is-sharalarga-katysty_a3710386