Түркістан
ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ НАСИХАТТАУ ЖАЛҒАСУДА.
Бүгін “Nur Otan” партиясы Жетісай аудандық филиалының жоспарына сәйкес, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерлер Г.Убайдина, Х.Исаев, Ж.Нармухамедов, Р.Басымбекова және штаб мүшесі Ж.Тулековтер Ералиев ауылдық округіне қарасты Көктөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін:
Бүгінгі таңда Жетісай ауданында 113 елді мекеннің 103 ауылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, яғни 91,1%-ды құрайды.
Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 953,7 шақырымды құрайды. Оның ішінде ауылдық елді мекендерде 788,7 шақырым (471,6 немесе 60% сумен жабдықтау желісі тозған), Жетісай қаласында 165 шақырым (115,5 немесе 70% сумен жабдықтау желісі тозған).
Біз 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құруға;
2023 жылға дейін 3 ауылдың тұрғындарын кезең-кезеңімен сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге ықпал етеді, оның ішінде:
• 2022 жылы Ж.Ералиев ауылдық округі, Жазықсай ауылында 1,0 шақырым, Мақталы ауылдық округі, Жайлаукөл ауылында 1,5 шақырым;
• 2023 жылы Ж.Ералиев ауылдық округі, Жамбыл ауылында 1,6 шақырым.
Нәтижесінде 2025 жылы аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі.
Осындай ауқымды істерді жүзеге асырып келген партияны қолдап, 2021жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Жетісай ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының сайлау қорынан қаражаты төленген