Түркістан

«Nur otan»: шардаралық депутат үйінің шатыры өртенген отбасына көмек көрсетті

Жуырда Түркістан облысы, Шардара ауданының тұрғыны Павел Сойченко «Nur Otan» партиясына көмек сұрап келді. Шардара қаласы, Түгелбаев даңғылында тұратын тұрғынның үйінің шатыры өртеніп, қиын жағдайға тап болған. Осы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалынан және жергілікті депутаттардан көмек сұраған азаматтың өтініші орындалды.
Қыс уақытында шатыры өртеніп, әбіржіп қалған отбасының бұл жағдайын көріп, бейжай қарап отыра алмаған Шардара аудандық мәслихатының депутаты Дәулетбек Бектасов пен «TECTUM ENGINEERING» ЖСШ-нің директоры Айдар Саданов бірден көмектесті. Аталған азаматтар Павелдің үйінің шатырын жабуға керек шатыр, ағаш және өзге де керек заттарды сатып әперді.
Өз кезегінде Павел Сойченко қоғамдық қабылдауға арнайы келіп, «Nur Otan» партиясына және аудандық мәслихат депутаты Д.Бектасов пен жомарт кәсіпкерге алғысын айтты. Бұл – депутаттың аудан тұрғындарына көрсеткен алғашқы көмегі емес. Халықтың сеніміне ие болған нұротандық депутат Д.Бектасов қайырымдылық іс-шараларына қатысып, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік үлестіріп тұрады.
«Елге көмектесу, партиямыздың алға қойған бастамаларын жүзеге асыру – мақсатым», – дейді депутат.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button