Халық қауіпсіздігі маңызды
Бүгінде «Nur Otan» – қоғам мен билік арасындағы алтын көпірге айналып отыр. Себебі, партия үнемі халықпен тығыз байланыс орнатып, аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан – жақты арттыруды қолдайды. Бұл бағытта алдағы 5- жылда ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті қолдау, білім және медицина салаларын жақсарту партияның алдыға қойған жоспарларының бірі. . Сайлауалды бағдарламасындағы осы және өзге де мәселелерді тұрғындарға насихаттау мақсатында «Nur Otan» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Солардың бірі бүгінгі өткен «Есіктен есікке» акциясы. Акция аясында аудандық мәслихат депутаттығынан үміткерлер Ұлдана Оразбаев, Айгерім Ұзақова, Аброр Тайжанов және Ирода Аликулова Қарамұрт ауылдық округінде болып, Бау – бақша көшесінің тұрғындарын үйме үй аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
– «Nur Otan» партиясының міндеті – ауданды өмір сүруге ыңғайлы етіп қана қоймай, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу. Оның тиімді жүзеге асуына «Nur Otan» партиясы өз үлесін қосады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
11 ауылдық округте 2021 жылы 11 көше, 2022 жылы 15 көше, 2023-2025 жылдары 28 көшені жарықтандыруға қол жеткізуге;
ауыл округтерінде 22 бейнебақылау камераларын орнатуға;
ауыл округтерінде мектепке баратын және халық көп жүретін жолдарға оқушылар мен тұрғындар жүретін жаяу жүргіншілер аяқ жолын (тротуар) салуға;
Ақсу ауылындағы уақытша ұстау изоляторының құрылысының аяқталуына;
2024 жылға дейін 11 ауыл округтеріндегі елді мекендерді жарықтандыру жүйелерін толықтай жарық диодты шамдармен алмастырып, жарықтандыру жүйелерін орнатуға;
«Қауіпсіз аудан», «Құқық тәртібі», «Қадағалау», «Тосқауыл», «Абайлаңыз балалар», «Қауіпсіз жол» профилактикалық шараларды өткізуге;
тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыстар атқаруға;
жергілікті жерлердегі құқық қорғау органдары мен атқарушы органдар, қоғамдық институттармен бірлесе отырып, осы бағыттағы іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуін бақылауда ұстауға;
ішкі істер қызметкерлерін қазіргі заманауи құралдарымен 100% жабдықтауға (70 бейнетіркегіш, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің жанынан уақытша ұстау изоляторы ашылады);
жыл сайын 60-70 қоғамдық көмекшілер тартуға;
өрт сөндіру бөлімдерін заманауи өрт техникаларымен жабдықтауға;
өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етуге;
ғылыми-сарапшы мамандарды тарта отырып, өңірдегі қоғамдық тұрақтылыққа кері әсер ететін факторларды анықтау, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар мен негіздемелер әзірлеуге;
тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыстар атқаруға;
Сайрам ауданында көктемгі жауын-шашын және жер асты суы көтерілуі салдарынан тұрғын үйлерге су басу қауіпі туындайды. Осыған байланысты елді мекендердің ішкі көшелерінің бойынан су ағып кететін арық-атыздар жүйесін қалпына келтіруге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға ішкі істер қызметкерлері қазіргі заманауи құралдарымен 100% жабдықталады,- деді олар.
Сондай-ақ, үміткерлер қарамұрттық тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады және «Jas Otan» ЖҚ-ның белсенділері тарапынан үнпарақтар таратылды.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды қорынан төленді