АРДАГЕРЛЕРДІҢ АҚ БАТАСЫ.
Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жұмабеков Ахмет Әбдіраманұлы мен Түркістан облысытық мәслихат депутаттығына үміткер Давлетяров Нұралы Әбдірахымұлы аудан орталығы Абай ауылында ауданның құрметті азаматтарымен үйме-үй жүріп кездесті. Кездесу барысы ауданды дамытуға «Nur Otan» партиясының қосатын үлесі мен 2025 жылға дейін атқаратын жұмыстары жайлы сайлауалды бағдарламасын насихаттады. Кездесу барысында ауданның зиялы ақсақалдарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта шешімін табатындықтарын жеткізді. Сайлауалды бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, аудан зиялыларының батасын алып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.