Шардарадан Павлодарға қоныс аударғысы келетін тұрғындар бар
Шардара ауданына Павлодар облысынан делегация келді. Мақсат — “Еңбек” бағдарламасын насихаттау. Түсіндіру.
“Nur Otan” партиясының Шардара аудандық филиалы және ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Алатау батыр, Көксу, Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің тұрғындарына “Ашық есік күні” өткізілді. Жалпы 50 тұрғын және ауыл әкімдері, жеке кәсіпкерлер, ауыл ақсақалдары, сол ауылдық округтерге бекітілген аудандық мәслихат депутаттары жиналысқа қатысты.
Нәтижесінде 8 азамат солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді.
Жиналыстан соң жеке қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындарға Солтүстік өңірінде бос жұмыс орындары көп екені түсіндірілді.
Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне бір реттік 70 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 204 190 теңге мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі. Атап айтқанда:
1 адам – 204.190 теңге;
2 адам – 408.380 теңге;
3 адам – 612.570 теңге;
4 адам – 816.760 теңге;
5 адам – 1.020.950 теңге;
6 адам – 1.225.140 теңге;
7 адам – 1.429.330 теңге;
8 адам – 1.633.520 теңге;
9 адам – 1.837.710 теңге;
10 адам – 2.041.900 теңге.
Сонымен бірге жұмыспен қамту, үй жалдау ақысы да беріледі.