Түркістан
Павлодар ауданы әкімінің орынбасары сауран ауданының тұрғындарын солтүстікке шақырды

Бүгін Сауран ауданына Павлодар облысы, Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Нурмагамбетов Кайрат Каиржанович іс-сапармен келіп, аудан тұрғындарына жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан халықты өз еркімен қоныстандырып, оларға қажетті жағдай жасауға арналған «Еңбек» бағдарламасын түсіндірді.
Жиынға Павлодар облысы, Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Нурмагамбетов Кайрат Каиржанович, Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлы Рысбеков, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Құдайбергенов Тұрар Керімұлы, Сауран аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бурибаева Нурбиби мен аудан ақсақалдары мен ардагерлері, ауыл тұрғындары қатысты.
Павлодар облысына көшіп келген он мыңнан аса халықтың 60 пайызы Түркістан облысынан екендігін айтқан Павлодар ауданы әкімінің орынбасары «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде Солтүстік облыстарға көшіп-қону туралы кеңінен түсіндіріп берді:
Аталған жиын Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округінде жалғасын тапты.


