Илон Маск әлемде алғаш болып байлығы 800 миллиард доллардан асқан адам атанды

Илон Маск 2024 жылдың мамыр айынан бері әлемдегі ең бай адам мәртебесін сақтап келеді, ал көрсеткіштерге қарағанда, ол бұл жерде тоқтағалы тұрған жоқ. Тек 2026 жылдың қаңтар айының өзінде оның байлығы тағы 48 млрд долларға өсіп, 800 млрд доллар деген рекордтық межеден асты,- деп хабарлайды saraptime.kz
Мұндай өсімнің басты себебі — xAI Holdings компаниясы. Жыл басында бұл компания 250 млрд долларлық бағалаумен шамамен 20 млрд доллар инвестиция тартты, соның нәтижесінде Масктың жобаға тиесілі үлесінің құны күрт артты.
Сонымен қатар оның капиталына SpaceX пен Tesla секілді басқа да негізгі активтері қолдау көрсетіп отыр. Айта кету керек, автокөлік өндіруші Tesla компаниясында тарихта алғаш рет жылдық табыстың төмендеуі тіркелді, алайда бұл жағдай миллиардердің жалпы қаржылық ахуалына әзірге айтарлықтай әсер еткен жоқ.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle басылымы Илон Маскқа тиесілі X (бұрынғы Twitter) компаниясының Париждегі кеңсесінде тінту жүргізілгенін хабарлаған болатын. Тексеруді Франция полициясы, прокуратураның кибербөлімі және Еуропол өкілдері жүзеге асырды.



