Жарияланымдар

Биржада доллар бағамы 503,44 теңгеге жетті

3 ақпанда сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа өлшенген бағамы 503,05 теңгені құрады. Бұл туралы Kapital.kz мәлімдеді,- деп хабарлайды saraptime.kz

2 ақпан күні сағат 17:00-дегі деректермен (1 доллар – 505,17 теңге) салыстырғанда, ұлттық валюта долларға шаққанда 2,12 теңгеге нығайды.

KASE мәліметінше, сауда барысында доллардың ең төменгі бағамы 501,15 теңге, ең жоғарысы 505,00 теңге болды. Сауда жабылуындағы бағам – 501,30 теңге.

АҚШ валютасымен жүргізілген сауда көлемі 231 млн 660 мың долларды, ал валюта операциялары бойынша мәмілелер саны 648-ді құрады.

Сағат 15:30-дағы доллардың орташа өлшенген бағамы 503,44 теңге деңгейінде қалыптасты.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, сағат 17:11-дегі жағдай бойынша айырбастау пункттерінде АҚШ валютасын сатудың ең жоғары бағамы Астанада – 508 теңге, Алматыда – 506,5 теңге болды.

Ұлттық банктің 3 ақпанға белгілеген ресми бағамы – 505,17 теңге.

Ал ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сәйкес, 3 ақпандағы доллар бағамы 503,44 теңгені құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button